Миграция и мигранты

Межрегиональный информационный портал
migrussia.ru

Көші-қон саласындағы заңдарды бұзғаны үшін шетел азаматтары қатаң жауапкершілікке тартылады. Сіз Ресей заңнамасының талаптарын мұқият орындауыңыз керек және кез келген бұзушылық жасаудан аулақ болуыңыз керек!

Ресей Федерациясындағы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті реттейтін заңдар

Ресей Федерациясына кіруге рұқсат етпеу («қара тізім»)

Сізге мынадай жағдайларда Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынуы мүмкін, егер:
- медициналық сақтандыру полисіңіз болмаса;
- өтелмеген соттылығыңыз бар болса;
- Ресей Федерациясында төленбеген шоттарыңыз, салықтарыңыз немесе айыппұлдар бар болса– қарызыңыз өтелмейінше Сізді елге кіргізбейді;
- РФ аумағында 90 күннен артық уақыт жұмыс құжаттарын рәсімдемей, 180 күн ішінде болған болсаңыз;
- 2 және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болсаңыз және ол үшін 3 жылға айыппұл салынған болса;
- 1 жыл ішінде көші-қон режимін 2 және одан көп рет бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болсаңыз;
- Ресейде заңды болу мерзімін 30 тәуліктен асырсаңыз;
- бұрын Ресей аумағынан шығарылған немесе жер аударылған болсаңыз. Егер Сіз мемлекет есебінен жер аударылған немесе елден шығарылған болсаңыз, Ресей Федерациясына осы шығындарды өтеуіңіз керек.

Егер бұрын делдалдардың қызметтерін пайдаланып, олар мүмкін Сізге жалған құжаттар жасаған болса, Сіз Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу шарасына ілігетін болсаңыз. Сізге тыйым салынған-салынбағанын РФ Ішкі істер министрлігі Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының сайтынан білуге болады

Ресейге кіруге тыйым салудың күші РФ Ішкі істер министрлігі желісі бойынша жойылуы мүмкін. Ресей Федерациясына кіруге тыйым салуды жою туралы толығырақ.

Әкімшілік жауапкершілік

Мынадай жағдайларда айыппұл салып, Сізді елден шығаруы мүмкін;

- егер көші-қон есебіне (тіркеуге) қою туралы хабарламаны ресімдемеген болсаңыз;
- полиция ұстаған кезде көші-қон заңнамасында талап етілетін құжаттарыңыз болмаған болса;
- көші-қон картасында кірудің жалған мақсатын көрсеткен болсаңыз; -
қажетті құжаттарсыз немесе көрсеткен мамандығыңыз бойынша жұмыс істемейтін болсаңыз;
- көші-қон есебіне қою кезінде жалған мәліметтерді көрсеткен болсаңыз.

Көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазаны сот айқындайды. Сот отырысында Сіз қорғаушының қызметтерін пайдалануға құқығыңыз бар, Сізге аудармашы ұсынылуы тиіс. Сіз соттың жазбаша шешімін алған сәттен бастап 10 күн ішінде сот шешіміне өзіңіз түсінетін тілде шағымдана аласыз.

Ресейден шығару РФ Ішкі істер министрлігінің тиісті хабарламасы болған кезде шетелдік азамат есебінен – оның өз бетінше кетуі арқылы мүмкін. Егер шетелдік азаматтың жеке басын растайтын құжаттары болмаса, не көші-қон есебіне (тіркеуге) қойылғаны туралы хабарлама болмаса, не құқық бұзушылық қайта жасалса – сот шетелдік азаматты ЦВСИГ (Шетелдік азаматтарды уақытша ұстау орталығына) орналастыру туралы шешім шығаруы мүмкін. Егер Сізді ЦВСИГ-ке орналастырса – құжаттарыңызды қалпына келтіруге және азаматтығыз бар елге жіберуге жәрдемесіңіз. Сіздің еліңіздің консулдығына хабарласыңыз немесе қоғамдық ұйымдардан тегін заңгерлік көмек сұраңыз. Сізге Ресей Федерациясы субъектісінің Қоғамдық бақылау комиссиясы (ОНК) көмектесе алады. Консулдық мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың байланыстарын «Көмек» бөлімінен таба аласыз.

Қылмыстық жауапкершілік

Жалған құжаттарды пайдаланғаны және оларды жасағаны үшін, өзіне қатысты тыйым салынғанын білетін шетелдік азаматтың Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өткені, шетелдік азаматты тұрғылықты жері бойынша жалған тіркегені үшін азаматтар бас бостандығынан айыру немесе шектеу, айыппұл салу немесе қамауға алу түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Координатор портала

logopsp

Полезная информация

spb welcome banner