Сіздің балаларыңыз Ресей Федерациясында заңды түрде болуы керек, көші-қон картасы және көші-қон есебіне (тіркеуге) қою туралы хабарламасы болуы керек. Мектеп және мектеп жасына дейінгі баланың кіруінің мақсаты – "жеке».
ЕАЭО туралы шартқа сәйкес еңбек етуші мигранттардың – Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің азаматтарының балалары Ресейде ата-анасының еңбек келісімшартының негізінде және оның қолданылу мерзімі ішінде болады. Бұл жағдайда олардың көші-қон есебі еңбек келісімшартының қолданылу мерзіміне ұзартылуға жатады. ЕАЭО елінің еңбекші азаматының онымен Ресейде бірге тұратын балалары мектепке дейінгі мекемелерге баруға, бастауыш, орта, орта арнаулы және жоғары білім алуға құқылы.
Шетелдік азаматтардың 18 жасқа толмаған балаларының Ресей Федерациясында жұмыс істеуге құқығы жоқ!
Шетел азаматтарының балалары, Ресей Федерациясы азаматтарының балалары сияқты, балабақшаларға тегін баруға және мектепте оқуға құқылы.
Балаңызды балабақшаға беру үшін Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жақын маңдағы балабақша әкімшілігіне немесе көп функциялы орталыққа (MФЦ) баруыңыз керек.
Ірі қалаларда көбінесе балабақшаларда орын жетіспейді, сондықтан кезектер пайда болады. Егер Сіздің балабақшаңызда бос орын болмаса, балаңыз балабақшаға қабылдау кезегіне тұрады немесе бос орын бар басқа балабақшаға жіберіледі. Баланы балабақшаға алдын ала орналастыруға кеңес береміз – келесі оқу жылына қабылдау ақпан-сәуір айларында басталады ( оқу жылы 1 қыркүйекте басталады).
Балаларын балабақшаға орналастыруға басым құқығы бар шетелдік азаматтар: Ресей Федерациясында тұрақты тұратындар (тұруға рұқсаты бар), көп балалы отбасы мүшелері, балабақша қызметкерлерінің отбасы мүшелері (егер баланың ата-анасы балабақшада немесе мектепте жұмыс істесе).
Мектеп
Ресейдегі мектеп жасындағы балалар мектепте оқуға МІНДЕТТІ: егер Сіз балаңызды мектепке бермесеңіз, оны жұмысқа тартсаңыз, оны нашар жағдайда ұстасаңыз – қамқоршылық қызметі мен полиция Сізді жауапқа тартып, балаларды шыққан еліне қайтара алады.
Балаларды мектепке ата-аналарының уақытша болатын (көші-қон есебі/тіркеу) орны бойынша орналастыру қажет.
Баланы мектепке қабылдаудан бас тартудың жалғыз себебі – кластарда орындардың болмауы. Класқа қабылдау оқу жылы басталғанға дейін жүргізіледі – Сізге тұрғылықты жеріңізге жақын мектептің әкімшілігіне алдын-ала хабарласуды ұсынамыз: келесі оқу жылына – сәуір-мамыр айларында (оқу жылы 1 қыркүйектен басталады), мектептің бірінші класына қабылдау – келесі оқу жылына ақпан-сәуір айларында (оқу жылы 1 қыркүйектен басталады).
Мектептің шетел азаматы болып табылатын баланы қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Егер мектеп кластары көп болса және оларда орын жетіспесе, Сізді оқуды ұйымдастыруға мүмкіндігі бар жақын маңдағы басқа мектепке жібереді. Мектеп әкімшілігінің заңсыз әрекеттері орын алған жағдайда, Сіз өз аймағыңыздағы Білім комитеті инспекциясының «жедел желісіне» қоңырау шала аласыз, сондай-ақ аудандық білім бөліміне (РОНО) жүгіне аласыз.
Кейбір жағдайларда бала мектепке дайындық дәрежесін, орыс тілін білуін анықтайтын және баланың қай класқа баратынын анықтайтын арнайы комиссиядан өтуге тиіс болады. Егер бала орыс мектебінде оқуға дайын болмаса, орыс тілін жақсы білмесе, орыс балаларымен қарым-қатынас жасауы қиын болса, кейбір аймақтарда Сіз қоғамдық ұйымға хабарласып, қажетті қолдау ала аласыз. Еріктілер балалармен ақысыз сабақ өткізеді, бос уақытын және мәдени бағдарлама ұйымдастырады, балаларға орыс қоғамына бейімделуге көмектеседі.
Орта арнаулы оқу орнына түсу үшін Сіз таңдаған колледжге немесе кәсіптік мектепке тікелей хабарласуыңыз керек. Жоғары білім беру мекемелеріне түсу үшін өзіңіз таңдаған университетке тікелей хабарласуыңыз керек немесе Ресей Федерациясында оқуға шетел азаматтарын іріктеуге арналған ресми сайтты пайдалануыңыз керек: «Учись в России» russia.study