Миграция и мигранты

Межрегиональный информационный портал
migrussia.ru

Жедел медициналық көмек

!Ресейде жедел және шұғыл медициналық көмек ТЕГІН көрсетіледі! Медициналық полис пен құжаттарыңыз болмаса да, Сізге шұғыл медициналық көмек көрсетілу қажет!

Жедел жәрдем телефондары – 103 немесе ұялы телефоннан 112.

Жедел жәрдем әкеткен науқастар туралы ақпарат алу үшін өз аймағыңыздағы жазатайым оқиғаларды тіркеу бюросына хабарласыңыз. Медициналық көмекке қатысты проблемалар туындаған жағдайда сіз Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің жедел желісіне жүгіне аласыз: 8 800 200-03-89, www.rosminzdrav.ru Егер Сізге жедел медициналық көмек көрсетілмесе, кейін шағымдану үшін жазбаша бас тарту парағын талап етіңіз.

Егер Сізге жоспарлы ақылы ем қажет болса – Сізбен алдын ала бағасын келісіп, Сізбен медициналық қызмет көрсету шарты жасалуы керек. Кейбір ауруханалар медициналық қызмет көрсеткені үшін төлем жасалғанға дейін мигранттардың құжаттарын алып қояды. Құжаттарды кепілге алу – заңсыз болып табылады, мұндай жағдайлар жөнінде прокуратура мен полицияға хабарлаңыз.

Шетел азаматтарының (соның ішінде балалардың) медициналық сақтандыру полисі болуға міндетті. Егер Сізде полис болмаса – Сізді шекарадан өткізбеуі мүмкін, еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдамауы, айыппұл салуы немесе тіпті Ресей аумағынан шығаруы мүмкін.

Медициналық полистің екі түрі болуы мүмкін:

1) ЕМС (ерікті медициналық сақтандыру)
2) ММС (міндетті медициналық сақтандыру, тегін ресімделеді)

1) ЕМС полисін әрбір шетелдік азамат РФ шекарасынан өткен кезде алуы немесе Ресейде болуының алғашқы күні ресімдеуі қажет. ЕМС полисі сақтандыру компанияларының кеңселерінде, сондай-ақ «Почта России» бөлімшелерінде рәсімделеді. ЕМС полисінің құны Сіз ала алатын медициналық қызметтердің саны мен сапасына байланысты. Бұл мәселелерді полисті сатып алу кезінде нақтылап алған жөн. Еңбек мигранттары үшін ең арзан ЕМС полисі, әдетте, мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету құнын өтейді, сондай-ақ әдетте мәйітті отанына қайтару өтемақысын төлеу туралы ережелерді қамтиды.

Шетелдік азаматтар болып табылатын балаларға арналған ЕМС полисі әдетте ересектердің медициналық сақтандыруына қарағанда қымбат тұрады. Әсіресе, емшектегі және жаңа туған нәрестелер үшін қарастырылған ЕМС полистері қымбат келеді. ЕМС полисі баланы мектепке қабылдау кезінде де сұралуы мүмкін. Кез келген жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек тегін екенін есте ұстаған жөн!

Егер әйел жүктілігі және босануы кезінде жоспарлы медициналық көмек алғысы келсе, ЕМС полисін ресімдеу кезінде ол туралы міндетті түрде айтуы керек, өйткені сақтандырудың ерекше бағдарламасы қажет болады.

ЕМС полисін Сізге жұмыс беруші ресімдеуі мүмкін (бірақ міндетті емес!). Егер Сіз ЕМС полисін жұмыс беруші арқылы ресімдейтін болсаңыз, бұған қосымша – қол қою құқығы бар Сіздің фирмаңыздың басшысының сенімхаты қажет болады.

Сізге ЕМС полисін берген сақтандыру ұйымының телефон нөмірі мен атауын міндетті түрде есте сақтаңыз – егер сіз өз полисіңізді жоғалтсаңыз, оны сақтандыру компаниясына жүгіну арқылы қалпына келтіре аласыз немесе шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда оның ресімделгенін растай аласыз. Сақтандыру полисінің жоғалу жағдайына оның көшірмесін жасап қойған жөн.

2) Егер Сізде: уақытша тұруға рұқсат (РВП); тұруға ықтиярхат (ВНЖ); уақытша баспана беру туралы куәлік; босқын куәлігі бар болса, Сіз ММС полисін ресімдей аласыз.

ММС және ЕМС полистерін ресімдеу үшін қажетті құжаттар.

Егер Сіз ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттің азаматы болсаңыз және еңбек шарты бойынша жұмыс істесеңіз, ММС полисін ресімдей аласыз. ЕАЭО азаматының жеке еңбек шарты жоқ отбасы мүшелері ММС полисін ала алмайды және өздеріне ЕМС полистерін ресімдеуі тиіс.
ММС полисін ресчімдеу үшін тіркелген орныңыз бойынша емханаға паспортыңызды (түпнұсқасын және нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасын), СНИЛС (жекеесеп шотыңыздың сақтандыру нөмірін, оны Зейнетақы қорынан немесе көп функциялы орталықтардан (МФЦ) алуға болады), еңбек шартын, көші-қон картасын, тіркеу парағыңызды (көші-қон есебіне қою туралы хабарламаны) әкелуіңіз қажет.

Координатор портала

logopsp

Полезная информация

spb welcome banner