Ресейде заңсыз жұмыс істеу ауыр құқық бұзушылыққа жатады.
Еуразиялық Экономикалық Одаққа кіретін елдердің азаматтары қосымша рұқсат құжаттарын ресімдеместен Ресей аумағында жұмысқа орналасуға құқылы. Еңбек және азаматтық-құқықтық шарт осы елдердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелерінің Ресей Федерациясының аумағында уақытша болу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.
Егер Сіз Ресейде жұмыс істегіңіз келсе, онда шекарада «келу мақсаты» бағанында – «жұмыс» деп толтырылған көші-қон картасын көрсетуіңіз керек.Жұмысқа орналасу үшін көші-қон есебіне тұру (тіркеуді рәсімдеу) керек. Жұмыс беруші еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шартты ресімдеуге міндетті.
ЕАЭО елдерінің білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тану рәсімдері жүргізілместен, автоматты түрде танылады. Педагогикалық, құқықтық, медициналық немесе фармацевтикалық қызмет ерекшелікке жатады – бұл мамандар білім туралы құжаттарын тану рәсімінен өтуі тиіс. ЕАЭО елдерінің еңбекші азаматтарының еңбек өтілі жалпы еңбек өтіліне есептеледі.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін ЕАЭО азаматтары міндетті медициналық сақтандыру полисін (ММС полисін) тегін ресімдеуге құқылы.
ЕАЭО елінің азаматына салық салу Ресей Федерациясының азаматтарымен бірдей салық ставкалары бойынша табыс алған бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Ресейде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары: Ресей Федерациясының азаматтарымен бірдей кәсіподақтарға кіруге; жұмыс берушіден мамандығы, жұмыс кезеңі және жалақы мөлшері көрсетілген анықтамалар мен олардың расталған көшірмелерін алуға құқылы. Мұндай анықтамалар жалақы төленбеген жағдайда немесе жұмыстан заңсыз шығарылған жағдайда еңбек құқығын қорғау үшін қажет болуы мүмкін, сонымен қатар болашақта еңбек зейнетақысын ресімдеу кезінде қажет болуы мүмкін.
Еңбек қатынастары бұзылған жағдайда ЕАЭО елі азаматының Ресейде жаңа еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға құқығы бар.
Жұмысқа ресми орналасу үшін қажет құжаттар
Ресей Федерациясында білікті мамандардың 135 кәсібінің тізімі бар. Мұндай мамандар Ресей Федерациясында 1 жылдан астам ресми еңбек өтілі болған кезде Ресей азаматтығын жеңілдікпен алуға үміттене алады. Кәсіптер тізімімен сайтта танысуға болады). Жұмыс іздеген кезде Бүкілресейлік ресми жұмыс базаларын пайдалануға кеңес береміз: www.trudvsem.ru –Ресей Федерациясы Еңбек министрлігінің Бүкілресейлік Бос орындар базасы. Әр аймақтың өз ресми жұмыс базасы бар, ол онлайн режимде қол жетімді.
Жұмысқа орналасу бойынша кеңестер:
- заңды түрде жұмыс жасаңыз;
- жұмыс берушіңізді біліңіз: Сіз жұмыс істейтін компанияның атауы мен мекенжайы, жетекшіңіздің байланыстары (аты-жөні және телефоны); өз құқықтарыңызды қорғау мақсатында жалақы төлеуді талап ететін болсаңыз, мұндай ақпарат пайдалы болмақ;
- делдалдарға жүгінбеңіз: олар Сізді тегін жұмыс күші ретінде пайдаланып кетуі мүмкін;
Ресейде қарыз жұмысқа (жұмыс берушінің өз қызметкерлерін басқа ұйымдарға еңбек қатынастарын ресімдеусіз жіберуіне) тыйым салынған. Жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттік ретінде тіркелген фирмалар ғана өз қызметкерлерінің еңбегін басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға беруге құқылы, бірақ сонымен бірге олар:
- шетелдік қызметкермен жасалған еңбек шартында үшінші тарап үшін жұмыс орындау мүмкіндігін көрсетуге;
- үшінші тарапқа жұмысқа жіберілген жағдайларда қызметкермен қосымша келісім жасасуға міндетті. Егер жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттікке жүгінсеңіз – мұндай жағдайлар сіздің еңбек шартыңызда көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Барлық заңды жұмыс істейтін еңбекпен қамту жөніндегі жеке агенттіктер Роструд тізіліміне енгізілген. Сіздің жұмыс берушіңіздің сол тізілімде бар-жоғын тексеріңіз.
- жұмыс берушімен келісім жасасыңыз: азаматтық-құқықтық немесе еңбек шартын жасасу Сіздің құқықтарыңызды қорғауға, әлеуметтік кепілдіктер алуға, өз міндеттеріңізді нақты білуге мүмкіндік береді. Жұмыс беруші сізбен шарт жасасуға және сізге шарттың көшірмесін беруге міндетті;
- жалақы мөлшері мен төлеу шарттарын нақты талқылаңыз: Сізге қандай жұмыс үшін және қанша төлеу керек екенін нақтылаңыз. Сіз ақшаны өз атыңызға ашылған арнайы банк картасына немесе бухгалтерияда өзіңіз қол қою арқылы алуыңыз керек. Сізге қанша ақша төленетінін түсіну үшін бухгалтерлік есеп парағын алуға құқығыңыз бар. Кез келген ақша қатынастары құжатталуы тиіс. Егер Сізге ақша берешек болса – жұмыс берушіден қолхат талап етіңіз және оны өзіңізде сақтаңыз;
- қол қоятын құжаттарыңызды мұқият оқып шығыңыз, Сізге көшірмелерін беруді талап етіңіз: Өзіңіз қол қоятын құжаттағы жазылғандармен келіскен болуыңыз керек. Егер Сіз құжаттардың мазмұнымен және шарттарымен келіспесеңіз, оларға қол қоймауға құқығыңыз бар;
- жұмыс берушіге құжаттарыңызды бермеңіз: Өзіңізден басқа ешкім сіздің төлқұжатыңызды, жұмысқа рұқсатыңызды, сақтандыруды, еңбек шартыңыздың көшірмесін және басқа құжаттарыңызды сақтай алмайды, сондай-ақ ешкім қозғалыс еркіндігіңізді шектей алмайды, телефоныңызды тартып ала алмайды және т.б. Паспортты алып қою және бас бостандығын шектеу қылмыс болып табылады: бұл жағдайда полицияға хабарласу керек!
- еңбек өтілі мен жалақыны есептей отырып, еңбек күнделігін жүргізіңіз, жұмыс берушімен және оның өкілдерімен барлық келіссөздерді аудио және бейнеге жазыңыз, жұмысыңызға қатысты барлық қол жетімді құжаттарды және олардың көшірмелерін суретке түсіріңіз. Бұл деректер еңбек дауында сіздің талабыңыздың дұрыстығын дәлелдеуге көмектеседі;
- мыналардың: полицияның, прокуратураның, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, мемлекеттік еңбек инспекциясының, РФ Ішкі істер министрлігі Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының, соттың, сондай-ақ құқық қорғау ұйымдарының көмегіне жүгініңіз. Сіздің аймағыңыздағы барлық осы ұйымдардың байланыс деректерін міндетті түрде біліп алып, сақтап қойыңыз! Қажетті байланыстар – Аймақтар туралы ақпарат, Байланыс немесе Көмек бөлімінде.
Жұмысқа орналасу, еңбек құқығын қорғау, пайдалы байланыстар туралы толық ақпарат