Миграция и мигранты

Межрегиональный информационный портал
migrussia.ru

Ресейге келгеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон есебіне тұруға (тіркелуге) міндеттісіз.

Жұмысқа орналасқаннан кейін ЕАЭО елінің еңбекші азаматының және оның отбасы мүшелерінің көші-қон есебін мерзімсіз еңбек шарты негізінде (жыл сайын) не мердігерлік шарттың немесе жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттың қолданылу мерзіміне ұдайы ұзартып отыру қажет.

Нақты тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон есебіне тұруыңыз қажет, әйтпесе Сізді көші-қон режимін бұзғаныңыз үшін жауапкершілікке тартып, Сізге айыппұл салынуы мүмкін!

Көші-қон есебіне қоюды Қабылдаушы тарап – шетелдік азаматты мекенжайы бойынша тіркейтін адам немесе ұйым жүзеге асырады.
Қабылдаушы тарап:
• Сіз жұмыс істейтін аймақта тұрақты тіркелген Ресей Федерациясының азаматы;
• Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азамат;
• шетелдік азамат - тұрғын үй иесі;
• заңды тұлға: жұмыс беруші ұйым, қонақ үй, коммерциялық емес ұйым.

Ресей Федерациясында тұрғын үйі бар шетелдіктер баспанаға меншік құқығын растайтын құжатты ұсына отырып, өздерін сол мекенжай бойынша көші-қон есебіне қоя алады.

Қажетті құжаттар тізімі

Көші-қон есебіне қалай тұруға болады:
1) Шетел азаматының болатын орнына келгені туралы арнайы бланк-хабарламаны толтырыңыз. Оны РФ Ішкі істер министрлігінің веб-сайтынан жүктеуге болады немесе сіздің аймағыңыздағы Ресей Ішкі істер министрлігі Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының аумақтық бөлімшелерінен, көп функциялы мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарынан (МФЦ) немесе "Почта России" ФГУП бөлімшелерінен тегін алуға болады.
Оның екі бөлігінде де болатын мекенжайыңыз, қабылдаушы тараптың жеке деректері және шетел азаматының жеке деректері міндетті түрде көрсетіледі. Қабылдаушы тарап-азамат бланкіге өзінің қолын, ал қабылдаушы ұйым – мөр мен басшының қолын қояды.
2) Шетелдік азамат паспортының көшірмесімен, РФ азаматы (Қабылдаушы тарап) паспортының көшірмесімен және көші-қон картасының көшірмесімен бірге РФ Ішкі істер министрлігі Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасына "Почта России" арқылы хабарлама жіберіңіз. РФ Ішкі істер министрлігі Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының бөлімшесінде тікелей хабарлама беру ТЕГІН. МФЦ көші-қон есебіне қою кезінде көші-қон қызметіне хабарламаны көпфункционалды орталықтың қызметкерлері Сіздің қатысуыңызсыз жібереді.
3) Сіздің аймағыңыздағы Ресей Ішкі істер министрлігінің Көші-қон басқармасы, МФЦ немесе "Почта России" ФГУП қызметкерлерінен қабылдау туралы белгі қойылған хабарламаның жыртылмалы бланкісін алыңыз және ол әрдайым өзіңізбен бірге болсын. 
Аталған құжат шекарадан өткен сәттен бастап 90 күннен аспайтын мерзімге ресімделеді, бірақ жұмыс істеу құқығын бермейді.

Көші-қон есебіне қою туралы хабарламаның көшірмесін жасаңыз – бұл шара егер сіз құжатты жоғалтып алсаңыз немесе бүлдірсеңіз, оны РФ Ішкі істер министрлігі Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының бөлімшесінде қалпына келтіруге көмектеседі.

Координатор портала

logopsp

Полезная информация

spb welcome banner